ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

Жаңалықтар

24.04.2012

Ү.ж. 24 сәуірінде ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф Израильдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Исраэль Мей Аминді қабылдады.

Кездесуде бір топ мәселелері талқыланды, соның ішінде Израильдың Бас ашкенази раввины Йона Мецгердің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезіне қатысу мәселесі. «Съез - бұл Қазақстан басшылығының  барлық дін өкілдермен диалогты дамыту ниетінің көрсеткіші», - деп атап өтті кездесу соңында Елші Исраэль Мей Ами.

Агенттік төрағасы 31 мамырда діни форумға қатысушылар Саяси қуғын-сүргін  құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне зиярат жасайтынын атап өтті. Онда өткен ғасырдың 30-50 жылдары жазықсыз  жапа шеккен құрбандарды еске алып, бірлескен дұға бағыштайды. Бұл шараға «халық жауы» атанған белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы ғалымдар мен көрнекті жазушылардың ұрпақтары қатысады деп күтілуде.