ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

Жаңалықтар

25.04.2012

Ү.ж. 25 сәуірінде Астана қаласында ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юдзо Харадамен кездесті.

Кездесу барысында ағымдағы жұмыстар мен екі жақ ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезін өткізуге дайындық шеңберінде өзара байланыста болу мәселелері қарастырылды. Сонымен бірге, Елшілік өз тарапынан Жапон синтоистік храмдар қауымдастығының Президенті Цунекиё Танаканың Съезге қатысу шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.

«Жапонияның діни өкілдері барлық Съез жұмыстарына қатысып, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасын жүзеге асыруға өз үлестерін қосуда» - деп атап өтті кездесу соңында Жапонияның Елшісі Юдзо Харада.