Жаңалықтар

2012 жылдың 26 сәуірінде ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шарифтың Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Горбан Сейфимен кезекті кездесуі өтті.
Кездесуде тараптар екі жақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезін өткізуге дайындық жүргізу шеңберінде өзара іс-қимыл жасауға ерекше ден қойылды.
«Ирандық діни қайраткерлерге Съез жұмысына қатысуға шақыру жібергендеріңізге Иран тарапынан алғыс білдіремін және осы шараға Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындату ассамблеясының Бас хатшысы Аятолла Мұхаммад Әли Тасхиридің және Мәдениет және ислам байланыстары жөніндегі ұйымның Президенті Мохаммад Багер Хорамшадтың қатысатындығын растаймын», - деді Иран елшісі Горбан Сейфи.











