Жаңалықтар

2012 жылдың 4 мамырында Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэні қабылдады.
Кездесу барысында Франция Митрополиті Эммануил Адамакистің Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің IV съезіне қатысуының ұйымдастырушылық мәселелері талқыланып, Митрополиттің «Діни лидерлердің тұрақты дамуға қол жеткізудегі рөлі» секциялық отырыста сөйлейтін баяндамасына басты назар аударылды.
Жан-Шарль Бертонэ өз сөзінде Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі конфессияаралық диалогтың тұрақты дамуына кешенді шараларды бірлесіп әзірлейтін және конструктивті идеялармен алмасуға мүмкіндік беретін бірден бір форум екендігін атап өтті.











