ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

Ашық конкурс туралы хабарландырулар

07.03.2012

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8  «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс, электрондық адрес: www.din.gov.kz, өкілдік сыныптағы автомобильдермен қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты өткізетіні туралы хабарлайды.

Сатып алынатын қызмет көрсету жұмыстарының толық тізбесі, орындалу орны, саны, орындалу мерзімі және барлық өзіндік ерекшеліктері конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Қызмет көрсетудің мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурсқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеулетті өнім берушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама пакеті көшірмесін 2012 жылғы 8 сәуір күні сағат 11.00-ге дейінгі мерзімде әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманы төлегені туралы төлем-құжатты ұсынғаннан кейін мына мекен-жай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8,  «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс, 907-бөлме.
Конкурстық құжаттама топтамасының құны 200 теңгені құрайды және тіркелген жері бойынша Салық комитетінің есепшотына республикалық бюджетінің кірісіне төленеді: КБК 203101.
Әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысу үшін конверттерде жапсырылған Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне мына мекен-жай бойынша жіберуіне болады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс, 907-бөлме.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2012 жылдың  9 сәуір күні сағат 10.00-ге дейін.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2012 жылғы 9 сәуір күні  сағат 11.00-де мына мекен-жай бойынша ашылады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8  «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, мәжіліс залы (533 бөлме).
Қосымша ақпаратты мына телефон  арқылы  алуга  болады: 8 (7172)  74-02-62, 74-07-41.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: әкімшілік департаментінің директоры Қ.Т. Қалышев, тел. 74-07-41.