ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

Жауапты хатшы

МӘЛІК КЕҢЕСБАЙҰЛЫ МЫРЗАЛИН

1971 жылы 31 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (1996), Ресей Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының жанындағы басшылық құрамдағы дипломаттарға арналған халықаралық курстарды (2000), Йель университетінің менеджмент мектебін (АҚШ, 2006) бітірген. Халықаралық қатынастар бойынша маман.

Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2010).

Ағылшын және урду тілдерін меңгерген.

Институтты аяқтағаннан кейін Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы болып қызмет атқарды.

2004-2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, облыс әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары,
2008-2009 жж. – «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Басшысының орынбасары,
2010-2011 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің  Іс Басқармасы аппаратының басшысы,
2011 жылдың тамыз айынан – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Жауапты хатшысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2005). Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері (2008).
Үйленген, 3 баласы бар.