Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Бөлімше басшылары

Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры

1981 жылғы 13 шілдеде туған.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Бирмингем Университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын үздік және Қазақ мемлекеттік заң университетін үздік бітірген. Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесінің иесі. Заңгер-құқықтанушы.

Қызмет жолын 1999 жылы заңгерлік компаниясында заңгер көмекшісінен бастаған. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппаратында, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сектор меңгерушісі болып қызметтер атқарған.

  • 2010 жылы кадрларды орталықтан аймақтарға ротация тәртібі бойынша Павлодар облысының Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
  • 2011 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің директоры, Заң департаментінің директоры, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы және Жастар саясаты департаментінің директоры болып қызметтер атқарған.
  • 2016 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры лауазымын атқаруда.

«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалдарымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының құрмет грамотасымен марапатталған.

Отбасын құрған, үш бала тәрбиелеуде.



.