ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

Төраға орынбасарлары

ШОЙКИН ҒАЛЫМ НҰРМАҒАМБЕТҰЛЫ

1977 жылы 1 қазанда Кокшетау облысында туған.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2000), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын (2004), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының аспирантурасын бітірген.

Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2005).

2000 ж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқутышысы.
2001 ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаментінің жастар саясаты бөлімінің бас маманы.
2002-2004 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Жастар саясаты департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы.
2004-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің саяси жоспарлау секторының бас сарапшысы.
2006-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси жұмысы секторының меңгерушісі. Сонымен қатар, өзінің негізгі жұмысымен қатар 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің хатшы қызметін қоса атқарды.
2009-2012 жж. – «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2012 жылдың 19 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) медалімен марапатталған, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыстарымен (2007, 2011) мадақталған.

Ішкі саясаттың өзекті мәселелері бойынша 4 монография мен 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.

Үйленген, екі баласы бар.