Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Баяндамалар, сөйлеген сөздері

17 ақпан 2015

Дін істері комитетінің Төрағасы Ғалым Шойкиннің ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алқа отырысындағы сөйлеген сөзі (Астана қаласы, 16 ақпан  2015 жыл)

ДІК 2014 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2015 ЖЫЛЫНА МІНДЕТТЕРІ

 

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы!

Қадірлі Алқа отырысына қатысушылар!

 

Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыру аясындағы басты мақсаты – зайырлы мемлекет жағдайында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының ауқымды жоспарларына сай келетін рухани ахуал қалыптастыру.

Еліміздегі қазіргі күндегі діни ахуал тұрақтылығымен сипатталады. Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынастар бірқалыпты.

Дін істері комитеті тарапынан діни саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмыстары қазырғы кезенде төмендегі негізгі 3 бағытта ұйымдастырылуда:

- қазақстандық қоғамда конфессияаралық келісім мен толеранттылықты қамтамасыз ету, Қазақстан Конституциясына сәйкес зайырлы қағидаттарын ілгері жылжыту;

- ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының ережелерін мүлтіксіз орындау негізінде діни бірлестіктермен өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықты ұйымдастыру;

- 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік бағдарламасы аясында дінді теріс пиғылды мақсаттарда пайдалануға жол бермеу.

Комитеттің 2014 жылғы қызметінің кейбір қорытындыларына тоқтала кетуіме рұқсат етіңіздер.

Бірінші. Мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қайта реттеудің арқасында мемлекет пен елдегі жетекші діни бірлестіктердің арасында бұрын-соңды болмаған сындарлы қатынастар құрылды.

Дін істері комитетінің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен және Орыс православие шіркеуімен, өткен 2014-ші жылы қол қойылған ынтымақтастық туралы Келісімдері жүзеге асырылуда.

Орталық және өңірлер денгейінде қоғамның мүддесі үшін діни бірлестіктердің арасында аса тығыз ынтымақтастық орнату жолында дін қайраткерлерінің жиналыстары мен клубтары құрылуда.

 Екінші. Өткен жылы Қазақстанда, шын мәнінде, бірегей діни саладағы идеологиялық жұмыстың тұрақты әрі кәсіби құралы жасақталды. Бүгінгі таңда бүкіл ел көлемінде қызмет атқарып отырған 708 ақпараттық-насихат топтарға 4167 адам тартылып отыр. Олар қажетті әдістемелік-ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілген.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде 17 мыңға жуық тікелей іс-шаралар өткізіліп, онымен 1 млн. 500 мыңнан астам адам қамтылды. БАҚ-тарда 11 700 әртүрлі жарияланымдар діни ахуалға оң әсерін тигізді.

Біздің бастамамыз бойынша 2014 жылы өңірлерде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ мектептердің басшылығы мен «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне дін саласында 730 оқыту семинар ұйымдастырылды. Әсіресе мемлекеттік қызметшілерге - 166, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне - 188, учаскелік полиция қызметкерлеріне - 103, сондай-ақ мектептердің басшылығы мен «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне - 184 семинар өткізілді.

Осыған ұқсас семинарлар Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері мен мектеп басшыларына – 23, сонымен қатар аймақтардағы мемлекеттік қызметкерлерді қайта дайындау және біліктілігін көтеру орталықтарында - 46 семинар ұйымдастырылды. 

Үшінші. 2014 жылы елімізде алғаш рет экстремистік және террористік қылмыстар бойынша сотталғандармен және радикалды идеялардың жетегінде жүрген тұлғаларды шетін көзқарастан қайтару, оларды байсалды діни көзқарасқа өткізу бағытында арнайы жұмыстар ұйымдастырылды.

Бұл мақсат үшін 2014 жылы сәуір айында «Ақниет» республикалық оңалту орталығы құрылды және ол еліміздің 12 облысындағы барлық түзеу мекемелерінде жұмыс жүргізді.

Бұған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері де тартылған. Түзету мекемелерінде 15 мыңнан астам адамды қамтыған түрлі сипаттағы 1000-ға жуық іс-шаралар өткізілді.

Құрметті әріптестер!

Біз 2015 жылы бірқатар маңызды бағыттарда жұмысты жалғастырамыз.

Бірінші. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң нормаларын мүлтіксіз орындау қамтамасыз етіледі.

Екінші. Еліміздегі конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту жұмыстары жалғасын табады.

Үшінші. Орталық мемлекеттік мекемелермен, жергілікті атқарушы билік және құқық қорғау органдарымен  бірлесіп жасап жатқан жұмысымыз одан әрі жетілдірілетін болады.

Төртінші. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен қоғамдағы келісімді, өзара түсіністік пен толеранттылықты сақтау саласындағы ынтымақтастық жалғасатын болады. Осы жылғы 19 ақпанда Имамдардың 1-форумын өткізу жоспарланып отыр.

Бесінші. Халықтың діни сауатын арттыру, азаматтарға діни мәселелер бойынша кеңес беру және радикалды идеяларға қарсы насихат жүргізу мақсатында мәдени-ағартушылық «Е-islam» ғаламтор ресурсы және «Қауырт желі-114» қызметтері әрі қарай жандандырылатын болады.

Алтыншы. Экстремистік және террористік қылмыстар бойынша сотталғандармен және радикалды идеялардың жетегінде жүргендермен жүелі жұмыс жасайтын «Ақниет» республикалық оңалту орталығының қызметі әрі қарай ілгерлейтін болады.

2015 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 5-съезін өткізу аса маңызды іс-шара болмақ.

Құрметті әріптестер!

Алдымызда тұрған міндеттерін сапалы орындау үшін Дін істері комитетінің қызметі алдағы уақытта да қарқындай беретініне сендіргіміз келеді.

Назарларыңызға рахмет.

.