Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Баяндамалар, сөйлеген сөздері

25 тамыз 2017

Брифинг

Қайырлы күн

құрметті қауым!

 

Жастардың ой-арманы, жүріс тұрысы, өмірлік беталысы әр заманда аға буынның ерекше назарында болған. Сын сөз де, мақтау мен таң қалу да жетерлік. Әйгілі ойшыл, ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби - жастарыңызды көрсетсеңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін, - деген екен.

Қазір қоғамда кең тараған пікір - жастар бос уақытын, жалпы өмірінің көп бөлігін әлеуметтік желілілерде, аз қимыл жасаумен өткізеді.

Мәселен, әлеуметтанушылардың зерттеуінше, ел жастарының 80%-дан астамы бос уақыттарын теледидар алдында, әлеуметтік желілер мен құрылғыларда өткізеді екен. Сәйкесінше, олар көпшілік көзінде дүниетанымы шектеулі, қазығы бос, бойы әлсіз болып көрініп жатады.

Әрине, бұлар суицидтардың көбеюі, бала психикасының бұзылуы, шынайы өмірден алшақтау сияқты көптеген қатерлер туғызуда. Алайда бұл, жаңа заманда біздің жастарымыздың алдында тұрған қилы жолдың азғантайы ғана болса керек.

Жаңа заман жаңа буынның алдында жаңа талаптар қоюда. Мемлекеттің міндеті - жастарымызды осынау жолға барынша баптап шығару, оларды өзіне де, еліне де қорғау болатын тұлға, азамат ету.

Елбасының жыл басындағы Жолдауы да, сәуірде жарық көрген Мақаласы да осы мақсатты көздегені анық. Әлеуметтік-экономикалық және рухани жаңғырудың меңзегені – елдің, әсіресе жастардың, ой өрісін, аяқ алысын жаңа көкжиектерге шығару.   

Бүгінгі ортаға жастар саласында атқарылып жатқан жұмыспен сіздер неғұрлым жақын таныссын деген ниетпен жастар ұйымдарының өкілдерін шақырдық.

Мемлекеттік жастар саясатына келсек, ауыз толтырып айтатын да, аяңдап ой алмасатын да тұстары баршылық.

Өткен жылғы Республикалық жастар форумында Елбасымыз айтқандай «Әрбір жас қазақстандықтың білім алуына, жұмыс істеуіне, отбасын құруына, баспана алуына мүмкіндігі бар».

Мәселен, дарынды балаларға арналған арнаулы мектептер ашу, жалпы мектептердің бүгінгі жабдықталуының жоғары деңгейі, озық технологияларды игерген емханалар мен ауруханаларды іске қосу, жастарымызды шет елдердің ең үздік оқу орындарына жолдау сияқты көптеген ауқымды істердің негізінде осы жастарымыздың ертеңгі баянды болашағын меңзеу жатыр.

Нәтижесі де жоқ емес. Мектеп білімінің сапалығы бойынша 2015 жылғы ТИМС (TIMSS) рейтингісінде Қазақстан ең үздік 15 мемлекеттердің қатарына кіреді. Біздің оқушылар академиялық білім деңгейі бойынша АҚШ, Англия, Германия, Австралия, Израил, Швеция, Польша, Малайзия, Түркия және басқа да елдердегі өз қатарластарынан біршама алда.

Жансая Әбдімәлік, Динара Садуақасова сынды жас дарындыларымыз ел мерейін асқақтатуда.

Силикон алқабындағы (АҚШ) әлем саммитінде жеңімпаз атанған біздің бірқатар оқушыларымыздың жеңістері көптеген әлемдік БАҚ-тың ерекше назарына ілікті.

Мәдениет және өнер саласында да ұлттың алтын қоры жыл сайын жаңа есімдермен толығуда. Димаш Құдайбергеннің өнерінің өрлеуі әлем жұртшылығының аузында.

Осы орайда айта кететін жайт, Министрлік шығармашыл жастарымызды кеңінен қолдау қажеттігін ескере отырып, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын жыл сайын табыстайтын болды.

Мүмкіндікті пайдалана отырып жастарды байқауға белсенді түрде қатысуға шақырамын. Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 19 қыркүйекке дейін.

Бүгін жастар арасында салауатты өмір салты кеңінен өріс алуда. Бұл да мемелекеттік саясаттың осы саладағы маңызды жетістіктерінің бірі. Кейбір нақты цифрларға жүгінсек: 2016 жылы 2015 пен салыстырғанда жастардың арасында өлім көрсеткіші 8,6 пайызға, наркологиялық есепте тұратындар - 12,9 пайызға төмендеген. Соңғы 15 жыл ішінде 15-17 жастағы жастар арасында темекі шегумен байланысты пайда болған аурулар көрсеткіші 4 есеге төмендеді.

Әрине, келтірілген дүниелер, бір қарағанда, көңілге қонымды. Дей тұрғанмен, осы саладағы проблемаларды біратала еңсеру үшін әлі де көп еңбектену керек.  Мысалы, жастар саясатының күн тәртібіндегі өткір мәселелердің бірі – өмірде қиын жағдайға тап болған ұл-қыздарымыздың жай-күйі.

 

Биыл Министрлік жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша әр өңірде 2020 жылға дейінгі жоспарларды қабылдау туралы бастама көтерді. Ол Үкіметтің қолдауына ие болып, бүгінде бұл жұмыстар бірқатар өңірлерде басталып та кетті.

Жоспарлардың басты мәні  - жастарға арналған инфрақұрылымдарды дамыту, және бұған мемлекеттік-жеке серіктестікті кеңінен тарту. Осылайша ауыл-қалаларда аула клубтары, спорттық алаңдар секілді  ортаны көбейту көзделуде.

Сонымен қатар, сарапшылармен бірлесіп жастарды әлеуметтендіру бойынша оларды спортпен шұғылдануға, еріктілікке, еңбек және шығармашылық дағдыларын дамытуға, кәсіпкерлік пен басқа да белсенді қызметтердің түрлеріне ынталандыруға бағытталған жалпыұлттық жоба әзірленуде.

 

Жыл басынан іске асып жатқан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы алғашқы оң нәтижелерін көрсетуде. 1 тамыздағы жағдай бойынша 115 мыңға жуық жас азамат (оның ішінде ауыл жастары 54 561) бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді, олардың 98 мыңнан астамы жұмысқа орналасты.  

Өздеріңізге белгілі, осы жылдан бастап мемлекет бірінші жұмысшы мамандықты тегін алғысы келетіндерге жағдай жасауда. Бірінші кезекте аталған шара жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды қолдауға  бағытталған.

Сонымен қатар, елімізде «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға!», «Жасыл ел» бағдарламалары тұрақты жүзеге асырылуда.

Жалпы, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресуде жүйелі және алдын алу шараларына басымдық берілу қажет.

 

Яғни, біз балаларымызды жастайынан болашақ кәсібін саналы таңдауға баулуымыз керек. Ол, өз кезегінде, жастарымыздың өз ісінде бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Осыған орай, Министрліктің бастамасымен жастарды ерте кәсіптік бағдарлау мақсатында «Түлектер тақтасы» жобасы жүзеге асырылатын болады. Жобаның мақсаты - болашақ түлектерді әлемдік және отандық еңбек нарықтарындағы ахуал, оқу орындарына түсу, бос жұмыс орындары мен әлеуметтік бағдарламалар туралы тұрақты ақпараттандыру.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында жастар кәсіпкерлігін қолдауға зор көңіл бөлінуде. Енді азаматтарымыз өз бизнестері үшін 16 миллион теңгеге дейін несие ала алады.

Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту жұмысымыздың маңызды бағыты. Мәселен, осы күндері Министрлік Талдықорған қаласында жастар ұйымдарымен бірге Республикалық бизнес тағылымдамасын өткізуде. Сонымен қатар, қазан айында «Жастар Отанға» атты инновациялық идеялар Жастар фестивалін өткізу жоспарланған.

Осы бағыттағы жұмыстар бүгін өңірлерде де кең етек жаюда. Оқу орындары жастарды кәсіпкерлікке баулуға назар аударуы тиіс, ондай тәжірибелерде жоқ емес.

 

Жастардың тұрғын үй мәселелері елімізде бірқатар бағдарламалар арқылы шешілу үстінде.

Жақында ғана Елбасының тапсырмасына сәйкес «Нұрлы жер» бағдарламасы да осы бағытта жұмысын бастады. Сонымен қатар, өңірлерде де тұрғын үй мәселесі өзіндік шешімін табуда. Мәселен, алдында Батыс Қазақстан облысында пилоттық режимде іске асырылған «Жас Отау» жобасы қазір Атырау облысында жүзеге асырылуда.

 

Жастар арасында ұлттық құндылықтарымыздың сақталуы мен заманауи үрдістердің пайдалысын меңгеру жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Министрлік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сарапшы-ғалымдармен бірігіп «Абай жолы» ұлттық құндылықтар мектебі» жобасының тұжырымдамасын әзірлеуде.

Жаңа заманның талабы – прагматизм. Бізде, сарапшылардың пікірінше, жастар арасында ішкі мәнінен гөрі сыртқы сәніне баса назар аудару әлі де жетерлік. Бұны жеңудің бір жолы - жастар арасында кәсіпкерлік пен адал табыс құндылықтарын кең насихаттау. Осы тұрғыдан алғанда, Министрлік «Балалар және кәсіпкерлік» сияқты гранттық қаржыландыру шеңберінде жастар үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқаруда.   

 

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - отбасы институтын нығайту мен бала тәрбиесі. 

Министрліктің «Отбасы сағаты» жалпыұлттық республикалық акциясын өткізу ұсынысы Үкімет тарапынан қолдау тапты. Соған сәйкес, көктем айында білім мекемелерінде тиісті шаралар ұйымдастырылды.

Әрине, бұл мәселе біркүндік болмауы тиіс. Бұнда мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да жүйелі әрі тұрақты жұмыс қажет. Біз барлықтарыңызды отбасы, әулет құндылықтарын дәріптеуге шақырамыз.

 

Отансүйгіштік, елжандылық қасиеттер ел өміршеңдігінің кепілі.

Қазақстанда бүгінгі күні 2 мыңға тарта әскери-патриоттық клубтарда 100 мыңға жуық жастарымыз тәрбиеленуде. Ал республикалық деңгейде жыл сайын «Жігер» лагері мен «Айбын» жиыны өткізіледі.

Жоғары сынып оқушыларының бойына жалпыелдік құндылықтарды барынша сіңіру мақсатында  «Туған жерден туған елге» жастар туристтік жобасын жүзеге асыруды ұсынамыз. Жобаның ерекшелігі – ер жеткен балаларымызды республика көлемінде арнайы маршрут ұйымдастыру арқылы еліміздің киелі, қасиетті жерлерімен жақын таныстыру. Солайша олардың жүректеріне отансүйгіштік сезімдерді терең уялату.     

Уважаемые участники брифинга!

Министерство сегодня в качестве приоритетных определило следующие пять направлений.

Первое. Снижение разрыва между сельской и городской молодежью, ее социализация и организация досуга.

Второе. Развитие «социальных лифтов» (Возможности самореализации молодежи).

Третье. Поддержка молодых семей и внимание воспитанию детей.

Четвертое. Повышение качества аппарата, работающего с молодежью.

Пятое. Усиление межведомственной координации.

Для реализации данных задач у нас имеются все необходимые ресурсы и возможности. Сформирована вся необходимая нормативно-правовая база. Созданы и действуют институты молодежной политики в лице региональных управлений, молодежных ресурсных центров, молодежных НПО, комитетов по делам молодежи и т.д. Обеспечивается необходимое финансирование.  

В текущем году в рамках грантового финансирования мы совместно с более 20 НПО реализуем молодежные социальные проекты.

С учетом, зачастую справедливой критики общественности, Министерство призывает молодежные организации и инициативных граждан активно включиться в мониторинг качества реализуемых социальных программ и проектов.

Также важно, чтобы наша молодежь была информирована о возможностях, создаваемых в стране для ее образования, занятости и развития.  Я обращаюсь к представителям СМИ с просьбой содействовать этой работе.

В настоящее время Министерством совместно с экспертами завершается работа по формированию перечня показателей для мониторинга и оценки эффективности работы центральных и местных государственных органов. Сегодня всем акторам молодежной политики нужно осознать, что от нас ждуть реальных результатов. Нужно искоренять праткику проведения так называемых «шариковых» мероприятий.

Сегодня мы работаем над тем, чтобы выстроить эффективную модель молодежной политики, ориентирующей молодежь к самостоятельности, отвестственности, светскому образу жизни.

Назарларыңызға рахмет. 

.