Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

01 наурыз 2017

2017 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Кулекеев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Адам құқықтары бөлімінің дін және сенім бостандығы бойынша аға кеңесшісі Кишан Маночамен кездесті.

Бақытжан Кулекеев кездесуде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің қызметі туралы баяндап берді.

Өз кезегінде Кишан Маноча мемлекеттік лауазымды тұлғалар, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам өкілдері арасында діни сенім бостандығы саласындағы ЕҚЫҰ міндеттемелері мен халықаралық стандарттар бойынша хабардарлығын көтеру мақсатында жұмыс істейтін Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының «Орталық Азияда дін және сенім бостандығы мәселелері бойынша халықаралық стандарттарды ілгерілету» жобасымен таныстырды.

Кездесуге қатысушылар діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы өзара әрекеттестік мәселелерін талқылады.

Тараптар Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті мен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы қызметтерінің өзара қызығушылық туғызатын бағыттары бойынша ынтымақтастық орнатуға және тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты.

.