Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

05 шілде 2017

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде кадрлық өзгерістер болды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері Комиетінің төрағасы міндетін атқарушы тағайындалды.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаевтың бұйрығымен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы міндетін атқарушы лауазымына Онғарбаев Еркін Ануарұлы тағайындалды.

Еркін Ануарұлы мемлекеттік органдарда, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, жоғары оқу орындарында түрлі лауазымдарды иеленді. 2003 – 2007 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің басқарушы директоры, «Астана» университетінің ректоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры болып жұмыс істеді. Заң ғылымдарының докторы, «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған.

Сонымен қатар, оқу демалысынан кейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әбелдинова Әлия Сапабекқызы жұмысқа кірісті. Әлия Сапабекқызы ҚР Президент Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде қызмет атқарды.

2015 – 2017 жылдар аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алды.

.