Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

12 шілде 2017

Вице-министр Берік Арын «Гана Республикасының Ұлттық күнінің» ашылу салтанатына қатысты

Бүгін ҚР  Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде «Гана Республикасының Ұлттық күнінің» ашылу салтанатына қатысты.

«Гана Республикасының Ұлттық күнінің» ашылуында  Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Гана мемлекетінің Үкіметіне «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуде Астананың кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс білдірді.

««ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін Астанада өткізу біздің еліміз үшін аса жауапты және мәртебелі миссия. Көрменің тақырыбы энергия үнемдеудің ең үздік әлемдік технологияларын, сондай-ақ балама энергия көздерін алудың жаңа зерттемелерін тартуға мүмкіндік  беріп отыр. Бізде жаңартылмалы энергия көздерін барынша пайдалану қағидасына негізделген   «жасыл экономикаға» өту жұмыстары табанды жүргізілуде» - деп атап өтті Берік Арын.

Іс-шара барасында вице-министр Гана Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрінің оранбасары Кингсли Ахенкор және Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қоса атқаратын Кодзо Алабомен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы екі жақты қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Ұлттық күннің ресми бөлігінен кейін екі мемлекеттің бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 14 тамыз күні Қазақстан мен Гана арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толады. Гана Батыс Африкадағы тұрақты дамушы мемлекеттердің бірі саналады.

 

 

.