Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

31 тамыз 2017

Нұрлан Ермекбаев  Халықаралық дінаралық форум жұмысына қатысты

Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстандағы Ватикан елшілігінің ұйымдастыруымен «Барлығымыз бірге ортақ үйімізді аялайық» атты Халықаралық дінаралық форумы өтті. Шара «EXPO-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде өткізілуде.

Форум жұмысына адамды жан-жақты дамытуға жәрдемдесу бойынша Ватиканның Дикастерия Префекті (министрлік), аса мәртебелі Кардинал,  «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Ватикан елі павильонының комиссары Питер Кодво Аппиа Тарксон және мемлекеттік органдардың басшылары мен діни ұйымдардың көшбасшылары  қатысты.

Шара барысында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының  Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев  Ватикан елімізге діни татулықты және конфессияаралық келісімді нығайтуда маңызды әріптес  және қазақ халқының  өмірінде  мәдениет пен діни қоғамның дамуында айрықша орынға ие болып  отырғандығын   атап көрсетті. Сондай-ақ, Нұрлан Ермекбаев барша қауымды алда келе жатқан Құрбан Айт мерекесімен құттықтады.

«Осы сәтті  пайдаланып, Қазақстан мен Қасиетті Тақ елі арасында сенімділік пен ашықтыққа негізделген сенімді әріптестік  орнатылғанын атап өтікім келеді. Қазіргі уақыттағы  Мемлекет басшылары арасында Нұрсұлтан Назарбаев пен Рим папасы Францисктің  достық қарым-қатынасы екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайта түседі», - деп атап өтті министр Н.Ермекбаев.

Соңғы жылдары түрлі дін өкілдері кездесулерінде ортақ үйімізді атап айтқанда жер шарындағы  климатты, су ресурстарын, ормандарды қорғаудың негізгі және өзге де аспектілері жөнінде пікір алмасып жүр. Форум барысында қатысушылар дін мен руханияттың біздің планетамызға және табиғат ресурстарына барынша назар аудартуға серпін беретіндігін, сондай-ақ жалпы адамзаттың игілігі жолында жасалатын істерге  үлкен демеуші күш болатындығын айтты.    

 Форумға қатысушылар осындай шаралардың өткізілуі татулық пен келісімді нығайтуға айтарлықтай үлес қосатынын атап көрсетті.

 

 

 

.