Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

01 қыркүйек 2017

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Құрбан айт мейрамымен құттықтауы

Құрметті қазақстандықтар!

 

Баршаларыңызды Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Бүгінгі таңда Құрбан айт мейрамын тойлаудың ұлттық ерекшеліктерімізге сай форматы қалыптасып, осынау қастерлі мереке қазақстан халқының бірлігін, конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етіп келеді.

Көпконфессиялы елімізде өзара татулық пен қайрымдылықтың көрінісі болған бұл мереке, тек мұсылмандарға ғана емес, барлық адамзат баласына қайрымдылық жасауға шақырады.

Жағдайы жеткендердің құрбан шалып, оның етін тұрмысы төмендерге таратуы халқымыз арасында ауызбіршілік пен татулықтың, адамдардың әлеуметтік жағдайына қарамастан бір-бірлерімен құшақ жая араласуына мүмкіндік туғызады.

Құрбан Айт күндерінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әдетте мұсылманның үйінде дастарқан жайылады.

Адам баласының бақытты, тыныш өмірін тек материалды игіліктер ғана құрамайды. Баянды бақытқа жетуде рухани негіздердің маңызды орын алатыны сөзсіз.

Дәстүрлі дініміздің жасампаз әлеуеті рухани-өнегелік құндылықтарды дамытуға және отансүйгіштік рухына негізделе отырып, қоғамдағы татулық пен конфессияаралық келісімді өркендетуге одан әрі қызмет ете береді деп сенемін.

Бүгінгі Құрбан айт мерекесі рухани серпілісімізге себепкер болып, әрбір шаңыраққа құт-береке әкелсін.

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, береке, бақыт және мол табыс тілеймін! Айт қабыл болсын! 

.