Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

05 қыркүйек 2017

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қарауына берілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне берілді.

Айта кетейік, қазіргі уақытқа дейін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағында болды.

Орталықтың жастар саясаты саласында уәкілетті орган болып саналатын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қарауына өтуі мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігін, жастармен жұмыс жасайтын мамандардың құзірет деңгейін арттырады, сондай-ақ жастар арасындағы тәуекелді анықтау және алдын алу бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің  жанында құрылды. Орталық ерекше мәртебеге ие. Оның қызметі «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген. Заңның 24-бабына сәйкес «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми зерттеулер жүргізеді және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Орталық жыл сайын жастар арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізеді, «Қазақстан Жастары» Ұлттық баяндамасын, жастар саясатының институттарына арналған әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды әзірлейді. Сондай-ақ жүйелі түрде жастармен жұмыс жасайтын мамандардың құзіретін арттыру бойынша іс-шаралар жиынын өткізіп тұрады.

.