Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

07 қыркүйек 2017

Астанада «Мемлекет пен ҮЕҰ өзара қарым-қатынасы: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында брифинг өтті

Орталық коммуникация қызметінде «Мемлекет пен ҮЕҰ өзара қарым-қатынасы: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында брифинг өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенұлы, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова қатысты.

Брифингте А.Нүкенов мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзараәрекеттестігінің негізгі бағыттары туралы баяндады. Сонымен, министрлікпен бірнеше бастамалар ұсынылды.

Министрліктің бастамасы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен кездесу кестелері дайындалды.

Министрлікпен мемлекет пен ҮЕҰ басты диалогтік алаңдары – Азаматтық форум және ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмыстары жүргізіледі, онда сектордың институционалдық дамуы және заңнаманың ең өзекті мәселелер шешіледі.

Министрлікпен азаматтық қоғам саласындағы нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде. ҮЕҰ ұсыныстары негізінде «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы пысықталды. Сонымен қоса, министрлік волонтерлік қызметті және қоғамдық кеңестердің қызмет етуін дамыту саласында жұмыстар жүргізуде. Вице-министр А. Нүкенов: «Қоғамдық кеңестер өзара қарым-қатынастың тиімді механизмі болып қалыптасуда. Олардың құқықтық базасын жетілдіру үшін біз барлық 229 қоғамдық кеңестің, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын жинақтадық. Олардың негізінде Министрлікпен Қоғамдық кеңестер туралы Типтік қағида жобасы дайындалды, онда қоғамдық кеңестер жұмысының үрдістері, соның ішінде құрамды қалыптастыру, отырыстарды өткізу, шешімдерді бақылау үрдістері егжей-тегжейлі көрсетілген. Сонымен қоса, ағымдағы жылы қарашада Қоғамдық кеңестердің алғашқы Республикалық Мәжілісі өтеді. Біз онда заңнамаға енгізу үшін дайындалған барлық толықтыруларды ұсынатын боламыз».

ҮЕҰ-дың институционалдық дамуы бойынша шаралар қабылдануда. Аймақтардағы «азаматтық орталықтарды» дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар ҮЕҰ құқықтық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзараәрекеттестігі бойынша қаржыландырудың жаңа механизмдері – гранттар мен премиялар енгізілді. Биыл алғаш рет ҮЕҰ-ға сыйлықақы тағайындау үшін конкурс өткізіліп жатыр (сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК). 2017 жылғы 06 қыркүйектегі жағдай бойынша өкілетті органға сыйлықақы алу үшін барлығы 224 тапсырыс келіп түсті.

Қазіргі уақытта түрлі әлеуметтік бағыттар бойынша 55 гранттық жоба іске асырылуда.

Сонымен қатар, Министрлік мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде ҮЕҰ-мен жобалық серіктестікті дамытуда. Ағымдағы жылы 8 орталық мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы органдардың 364-ке жуық салалық құрылымдары республика бойынша орталық деңгейде жалпы соммасы 569,2 млн. теңгені құрайтын 43 жобаны, жергілікті деңгейде соммасы 13,9 млрд. теңге болатын 2103 жобаны (жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша) іске асыруда.

Министрлікпен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер» бағытының шеңберінде «Атамекен» кіші бағдарамасы іске асырылуда. Кіші бағдарама азаматтарды шағын отандарындағы өзекті мәселелерді шешу үшін өздерінің күштерін біріктіру мен белсенділендіруге бағытталған.

 

.