Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

12 қыркүйек 2017

Ақтөбеде жастарды отансүйгіштікке баулуға арналған әскери-патриоттық лагері жұмысын бастады

Ақтөбе қаласының «Береке» демалыс аймағында «Жігер-2017» атауымен Республикалық әскери- патриоттық лагері өз жұмысын бастады. Аталған лагерь ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және Қазақстанның жастар Конгресінің ұйытқы болуымен ашылды.

Өткізіліп жатқан шараның мақсаты — жастардың арасында  отансүйгіштік пен азаматшылық қасиеттерін дамыту, және олардың отанға қызмет ету идеяларын қалыптастыруға бағытталған әскери-патриоттық жиындарына әдістемелік тұрғыда қолдау көрсету болып табылады.  

Шара барысында жастардың әскери дайындығын шыңдау мақсатында шеберлік сабақтары, сондай-ақ әскери-қолданбалы  және әскери-далалық спорт  түрлері бойынша жарыстар және эстафета өтетін болады. Шеберлік сабақтарын  педагогикалық қызмет саласында тәжірибесі бар және аталған бағыт бойынша ғылыми атаққа ие  кәсіби жаттықтырушылар жүргізеді.

Лагерь  бағдарламасы шеңберінде  әскери-патриоттық клубтардың өзара тәжірибе алмасуы мақсатында диалогтық алаңдар ұйымдастырылып, «Кешкі Алау» оты жағылатын болады. Бұдан бөлек, лагерь қатысушылары үшін  ҚР Қарулы күштеріне 25 жыл толуына орай қызықты ойын-сауық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.      

Тұтастай алғанда, әскери-патриоттық клубтармен бірлесе жүргізілетін идеологиялық жұмыстар «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі мен «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалалары арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ауқымды шараға жалпы саны 80 адам қатысуда. Атап айтқанда,         әскери-патриоттық клуб тәлімгерлері мен басшылары және жастарға арналған әскери ұйымдардың, әр түрлі мекемелердегі жастар ісі жөніндегі комитет басшылары, сондай-ақ, өңірлердегі жастар саясаты жөніндегі басқармалардың, облыстардағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, және түрлі жастар ұйымдарының өкілдері бар.  

.