Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Жаңалықтар

13 қыркүйек 2017

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі сарапшылармен бірге жастарға арналған әлеуметтік лифтілер жүйесін талқылады

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2017 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласында Жастар ғылыми-зерттеу орталығының базасында «Жастарға әлеуметтік лифтілердің жүйесі: жағдайы мен болашағы» тақырыбында сарапшылар отырысын өткізді.

Отырысқа республикалық «Жас Отан», «Қазақстан жастарының Конгресі», «Жас ұлан» және т.б. жастар ұйымдарының жетекшілері, саясаттанушылар, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, белсенді жастар және тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Іс-шарада Мемлекет Басшысының Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді қайта бағдарлау үшін «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (екінші кезең – 2016 – 2020 жылдар)» жаңа жобасы таныстырылды.

Сарапшылар өз кезегінде аталған жоспар жобасына қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. 

Сондай-ақ, шараға қатысушылар жастар арасында ерте кәсіби бағдар беру жұмыстарын қолға алу, жастарды техникалық мамандықтарға ынталандыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ұйымдастырылмаған жастарға арналған іс-шаралар өткізу, жастар бастамаларын қолдау ұйымдарының жұмыстарын арттыру және тәуелсіз сарапшылар пулын құру  мәселелері көтерілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Абзал Нүкенов сарапшылардың ұсыныстары Министрлік тарапынан әзірленетін стратегиялық құжаттарды дайындау барысында ескерілетінін хабарлады.

Сонымен қатар, ол алдағы уақытта әртүрлі өткір мәселелер бойынша сарапшылармен осындай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұратындығын жеткізді.

.