Баспасөз релизі
2011 жылғы 15 желтоқсанда Елбасының тапсырмасымен Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф бірқатар діни бірлестіктердің басшыларына «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарын табыстады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Әбсаттар Дербісәлі, Қазақстандағы Республикасындағы Орыс Православ шіркеуінің басшысы, митрополиті Александр, Астана қаласындағы Әулие Мария Рим – католик архиепархиясының архиепископы, митрополит Томаш Бернард Пэта және Қазақстандағы Бас раввин Ешая Элазар Коген қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 20-жылдық мерейтойымен құттықтады.
Дін көшбасшылары Қазақстан азаматтарына мықты денсаулық тілеп, республиканың игілігі үшін ізгі істер, ашық аспан және еңбекте үлкен жетістіктерге жетсін деген тілектер айтты.











