Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Баспасөз хабарламалары

09 наурыз 2017

Каирде Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Мысыр Уақыфтар істері жөніндегі министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын 2017 жылғы 8-9 наурыз аралығында Каир қаласында (Мысыр) өткен Қазақстан-Мысыр сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 5-ші отырысына қатысты.

Іс-шара Қазақстан мен Мысыр арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуының 25-жылдығы шеңберінде өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ал мысыр тарапын – МАР Инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық министрі  Сахар Наср ханым басқарды.

Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың жан-жақты  мәселелері, соның ішінде дін саласындағы сұрақтар қарастырылды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамаға және бірнеше құжаттарға, солардың қатарында дін саласындағы өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қамтитын – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен МАР Уақыфтар істері жөніндегі министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

ҮАК хаттамасында да Алматы қаласындағы Мысыр ислам мәдениеті орталығының «Нұр-Мүбәрәк» университетінде исламтану саласындағы ұлттық кадрларды дайындау бойынша мәселе көрініс тапты.

 

.